[**Kyzylorda-news.kz.**](https://kyzylorda-news.kz/) **3 қаңтар күні Қазалы ауданында «Әйтеке би» қосалқы станциясынан «жерге» тұйықталудың пайда болуына байланысты кернеуі 35 мың вольттық «Қожабақы» әуе электр беру желісінің «С» фазасында электр энергиясы авариялық түрде ажыратылды.** «№114 тірегінде оқшаулағыш зақымдалды. Техникалық ақауды жою, қалпына келтіру жұмыстары 06 сағат 05 мин. Аяқталды», – делінген АЭҚ БК Қызылорда облысы бойынша департаментінің таратқан хабарламасында.   Айта кету керек, жаңа жыл мерекесі уақытында электрмен  қамтамасыз ету жұмыстары қалыпты болды.