Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы жүзеге асады. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады.

ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынын білесіз бе? Егер бұған дейін бұл мәселені нақты білмесеңіз, зер салыңыз. ЭЦҚ-ны қашықтан алу үшін ең алдымен:

  • Egov.kz порталына кіріңіз;
  • Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
  • Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;
  • ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;
  • Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;
  • Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;
  • Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;
  • Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;
  • Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;
  • Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;
  • Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;
  • Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;
  • Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;
  • Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;
  • Сертификатты жүктеңіз.

Тағы да оқыңыз: