Kyzylorda-news.kz Қазақстан халқы Ассамблеясының «Jastar Generation – 2025» халықаралық жастар лагерінің қатысушылары Алматы қаласында бас қосты. Қызылорда облысынан өңірлік ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің белсенділері, Ассамблея жастарының жетекшісі Елена Пак және Елена Павлова, Юлианна Ким қатысты.
Алматыдағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің әлеуметтік-гуманитарлық бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақсат Байбеков қатысушыларға инклюзивті даму үшін жастардың мүмкіндіктерін кеңейту және жаһандық теңсіздікті азайту мәселелері бойынша баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес пен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк «Ассамблея» жастар қоғамдық ұйымының қызмет бағыттарына тоқталды.
Блогер Арман Юсуповпен өткен мотивациялық кездесу және Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің төрағасы Равиль Юнусов өткізген «Этноквиз» шараларымен жастар лагеріндегі алғашқы күн аяқталды.