Kyzylorda-news.kz.  «Jas Otan» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып Жорабек Медет сайланды. «Nur Otan» партиясы жаныдағы «Jas Otan» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХVІ конференциясы онлайн режимде өткізілді.

Бейнеконференция жұмысына «Nur Otan» Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары А. Жарылқасынов , «Jas Otan» төрағасы Н. Жетпісбаев, облыстық кеңес мүшелері, жергілікті жастар саясаты мәселелері бойынша жауапты мемлекет орган өкілдері және аумақтық бөлімше басшылары қатысты.

Конференцияның қарауына ұсынылған бірінші мәселе бойынша «Jas Otan» Қызылорда облыстық филиалының консультанты Әсем Қаһарманова жыл бойына атқарылған жұмыстарына баяндама жасады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша конференцияға қатысушылар «Jas Otan» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы лауазымына осыған дейін ұсынылған Жорабек Медет кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Жорабек Медет Қызылорда қаласының тумасы. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. Осыған дейін жергілікті жастар саясатын жүзеге асыру бағытандағы жастар ұйымдарының жетекшісі қызметінде және Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де кеңесші қызметін атқарған.

Тағы да оқыңыз: