Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде италиялық жазушы, эколог, халықаралық ерікті, Орталық Азияның экологиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесші Роберто Болтри экология мамандығының студенттерімен кездесті.

Басқосуды Инженерлік-технологиялық институтының директоры Бахытбек Абжалелов ашып, Роберто Болтридің Арал теңізінің экологиялық мәселелерін зерттеуге және Орталық Азияның тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытуға қосып жүрген үлесін атап өтті.

Кездесу барысында Роберто Болтри Арал өңіріне арналған жаңа халықаралық экологиялық жобаны жүзеге асыру жоспары туралы айтып, университет ғалымдары мен студенттерінің ұсыныстарын тыңдауға және бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанмен көпжылдық байланысына тоқталып, Арал теңізінің экологиялық жағдайына әлем назарын аударудың маңызын айтты.

«Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Светлана Кужамбердиева университеттегі экологиялық бастамалар, экоклубтың қызметі және осы бағытта қол жеткізілген жетістіктер жөнінде баяндады.

Іс-шара соңында студенттер қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Арал теңізін қалпына келтіру мен өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

 

Тағы да оқыңыз: