Фото: ашық дереккөз

 Kyzylorda-news.kz. Бағдарлама Қазақстанның шағын және орта бизнес басшыларына Германия нарығымен танысуға, іскерлік байланыстар орнатуға және неміс компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді.

Құжаттарды қабылдау уақыты: 23.01.2024 ж. - 02.02.2024 ж.

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, жасыл технологиялар салаларында жұмыс істейтін компаниялардың басшылары, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жүргізіледі.

Қатысушыларға арналған белгілер:

1. ШОК субъектілерінің жоғары буын басшылары;

2. Экономика секторларындағы қызмет: ақылды ауыл шаруашылығы (Smart Farming) саласында жұмыс істейтін компаниялар, жасыл технологиялар саласы, сондай-ақ экономиканың барлық салалары;

3. Жылдық орташа табысы 10 000 (он мың) АЕК-тен кем емес болуы.

Құжаттар пакеті:

1. "Атамекен" ҚР ҰКП үшін тағылымдамаға қатысуға өтінім;

2. Сауалнама (application form);

3. "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберіндегі қатысушының міндеттемесі;

4. Сіздің компанияңыз туралы ақпарат буклеті немесе PowerPoint презентациясы;

5. Сіз сатып алғыңыз/сатқыңыз келетін өнімдердің, жабдықтардың және т. б. техникалық сипаттамасы (бар болса);

6. ____ (Қабылдаушы ел) фирмалардың сіздің ұсыныстарыңызға/өтініштеріңізге (бар болса) қызығушылықтарын куәландыратын хаттары;

7. Салық төлеушінің соңғы 3 жылдағы (36 ай) табысын растау туралы EGOV сайтынан ҚР - да алынған табыстар туралы анықтама;

8. Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе директорға бұйрық.

Өтініш үлгісі мен шарттарын Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кеңсесінен алуға болады: Қызылорда қ., Қорқыт Ата көшесі, 123.

Өтініштер жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-18.00-ге дейін қабылданады.

Байланысатын тұлға: Алушаева Асель Гайдуллаевна - Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы.

Тел. 8/7242/400981, 400202.

Тағы да оқыңыз: