Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова партиялық бақылау комиссиясы өкілдерімен бірге Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауы №2 шағын ауданынан «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында салынған  бес этажды 10 тұрғын үйдің коммуналдық инженерлік инфрақұрылым желілерінің құрылысына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында жылу, су және электрмен қамту жүйелерінің жағдайы, абаттандыру, аулалар мен кіреберістердің санитарлық ахуалы, қаржының тиімді игерілуі назарға алынды.

Аталмыш тұрғын үйлер құрылысы 2024 жылы басталған. Қазіргі таңда құрылыс монтаж жұмыстарынан абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақұында электрмен қамту бойынша үш трансформатор орнатылмақ. Ауыз су, кәріз, газ жүргізу жүйелері толығымен аяқталған. Жылу жүйесі 90 пайызға орындалып отыр. Бұл жұмыстарға бөлінген қаржының 1 млрд теңгесі толық игерілген.

«Инженерлік инфрақұрылым – тұрғындардың жайлы өмір сүруінің негізі.  Яғни жылу, су, жарық, кәріз және жол жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі – тұрғындардың күнделікті тұрмысын қамтамасыз ететін басты фактор. Инженерлік инфрақұрылымның сапасы төмен болса, тұрғындардың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер етеді. Сондықтан халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында «AMANAT» партиясымен  бұл салаға алдағы уақытта да жоспарлы түрде  бақылау жүргізілетін болады», - деді Ләйлә Төрешова.

Мониторинг барысында  мердігерлер мен жауапты мекемелерге жұмыстың сапасы мен мерзімінде аяқтау тапсырылды. 

Тағы да оқыңыз: