Kyzylorda-news.kz Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жыл толуына орай Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде инженер-педагог қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ерлеген Жәрдемұлы, «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органның тең төрағасы Мақсұт Ыбрайханұлы қатысып, өскелең ұрпағымыз бен ұландарымызға үлгі боларлық тарихи тұлғаның ұмытылмас батырлығы, қазақ халқына сіңірген еңбегі туралы ақпарат берді.
Сонымен бірге, жиын барысында педагог қызметкерлердің сауалдарына орай ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енген өзгірстер туралы ақпарат ұсынылып, осы Заңда берілген мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.
Онда Заңның 15-бабының 6-тармағына сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен (GPA 3,33) төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітіргендер, осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен "Б" корпусының төмендегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алатындығын атап өтті.
Өз кезегінде ұстаздар бұл ақпараттың маңыздылығын ескеріп, бітіруші студенттермен бөлісетіндігін алға тартты.