Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиев «HARVEST AGRO» компаниясының Қызылорда облысындағы директоры Жеңіс Ахметов пен компания өкілі Әліби Ғаниды қабылдап, агроөнеркәсіптік кластер жобасының жүзеге асырылу барысын талқылады.

Агроөнеркәсіптік кластер жобасын іске асыру мақсатында Қаракеткен ауылдық округінен жер учаскесі бөлініп, биыл 5 мың гектарға жүгері, 2 мың гектарға мақсары егілді. 

Кәсіпорынды үш кезең бойынша толық іске қосу жоспарланған. Өндірілген өнім ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, шетелге де экспортталады.

Бүгінгі күнге дейін жобаға 26,3 млрд теңге инвестиция тартылды. 

«Жобаның толық іске қосылуы жаңа өндіріс орындарының ашылып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сондықтан тиісті мәселелерді уақытылы шешіп, жұмысты белгіленген жоспарға сәйкес жүргізу қажет. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдауды көрсетеміз», – деді аудан әкімі Е.Төрәлиев.

Кездесу барысында жобаны одан әрі дамыту, өндірістік қуаттарды арттыру және алдағы кезеңге дайындық мәселелері қаралды.

Тағы да оқыңыз: