Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданы әкімдігінде аудан әкімі Айтбай Жандарбековтің төрағалығымен аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер мен инвесторлардың қатысуымен жиын өтті.

Жиынға «Тесис» ЖШС, «Шиелі әк» ЖШС, «SP KUTAU» ЖШС және аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан бірқатар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аудандағы инвестициялық жобалардың қазіргі ахуалы, олардың жүзеге асырылу барысы, өндірістік қуаттарды арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер тарапынан көтерілген ұсыныстар мен мәселелер тыңдалып, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындаған түйткілдерді шешу жолдары қарастырылды.

Аудан әкімі инвесторлармен өзара тиімді байланысты одан әрі нығайтып, кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың маңыздылығына тоқталды. Жобалардың белгіленген мерзімде және сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа жобаларды тарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Жиын қорытындысымен жауапты сала басшыларына инвесторлар көтерген мәселелерді зерделеп, тиісті шаралар қабылдау және жобалардың іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Тағы да оқыңыз: