Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері селекторлық режимде қатысты.

Мәжілісте жоспарланған инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді үйлестіру мәселелері қаралды.

Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар 2.jpg

Жиында аудан әкімі ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік маңызы бар жобалардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар әрбір тапсырманың орындалу мерзімі белгіленіп, жауапты сала басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді. Аудан әкімі тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.

Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар 3.jpg

Тағы да оқыңыз: