Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Roca Group» компаниясының өкілдерімен Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнім өндіру және құрастыру жөніндегі жоғары технологиялық зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Roca Group — санитарлық-техникалық бұйымдар мен оған қатысты жабдықтарды өндіретін әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. 

Жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды. 2025 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Roca Group басшылығымен кездесуі барысында  инвестициялық жобаны жүзеге асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. 

2025 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Roca Group басшылығымен кездесуі барысында инвестициялық жобаны жүзеге асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. 

Кейінгі кезеңде жоба одан әрі дамыды, компанияның инвестиция көлемі бастапқыда мәлімделген 70 млн еуродан 83 млн еуроға дейін артты.  Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қызылорда облысының әкімдігі және инвестор арасында қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. 

Қазіргі уақытта болашақ зауыттың дизайны мен эскиздік жобасын әзірлеу аяқталды, оны одан әрі жобалау жалғасуда. Сонымен қатар Қызылорда облысында инсталляциялық жүйелер мен араластырғыштарды құрастыру өндірісін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың дана деңгейінде болады деп жоспарланған, сонымен қатар келешекте өндіріс көлемін 1 млн данаға дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылған. Жоба аясында шамамен 300 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Өнім Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп, Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Кездесу барысында жобалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізу, санитарлық-техникалық өнімдер саласындағы нормативтік базаны жетілдіру, Roca өнімдерінің ел аумағында салынып жатқан және жүзеге асыру жоспарланған нысандарда қолданылуын қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.

Нұрлыбек Нәлібаев зауытты уақтылы іске қосудың және отандық тауар өндірушіге жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға инвесторды сүйемелдеу, мемлекеттік сараптамадан жедел өтуін қамтамасыз етуді және зауыт құрылысын 2026 жылғы қазан айында бастауды тапсырды

Тағы да оқыңыз: