Kyzylorda-news.kz  Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен инвестиция тарту, ауқымды жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, нақты міндеттер жүктеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймаққа инвестиция тартуда бірқатар жұмыс жүргізілуде. Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін халықаралық, өңіраралық көлік жолдарын реконструкциялау және салу, заманауи жылу-электр станциясы сияқты ауқымды жобалар бар.

Жақында халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін жаңа әуежай терминалы жұмысын бастады. Өнеркәсібі және технологиясы дамыған елдермен ынтымақтастық орнатуымыз қажет. Ол үшін өңірді өркендетудің басым бағыттарын анықтадық. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығында күрішті терең өңдеу, су үнемдеу технологияларын енгізу, бақша дақылдарын, балық өңдеу, түрлі кеспелер, сүт өнімдері, томат пастасын жасау. Құрылыс индустриясында қажетті материалдар мен түсқағаздар, санитарлық-техникалық бұйымдар шығару. Жеңіл өнеркәсіпте мал терісін терең өңдеу, тоқыма бұйымдарын, арнайы киімдер тігу және тағы басқа өндіріс орындары, мұнай-газ саласына қондырғылар мен құбырлар жасау.

Өңірдегі 14 мұнай компаниясы биылғы 10 айда 12,5 млрд. теңгеге өндіріске қажетті түрлі тауарлар сатып алған. Осы өндірістерді облыс аумағында орналастыруға барлық мүмкіндігіміз бар», – деді Н. Нәлібаев.

Облыста жаңа инвестициялық жобаларды орналастыруға арналған, жалпы ауданы 300 гектардан асатын, дайын инфрақұрылымы бар 6 индустриялық аймақ жұмыс жасайды.

Аймақ басшысы қолданыстағы заңнама аясында жер телімін беруге, басқа да қолдау көрсетуге, жобаларды сүйемелдеуге әрқашан дайын екенін атап өтті.

Инвестиция тарту мәселесі талқыланды 1.jpgИнвестиция тарту мәселесі талқыланды 2.jpg

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: