Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы ұсынған «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты ел дамуының темірқазығына айналды. Бұл халықтың ынтымағын нығайтып, мемлекеттің қуатын арттырады. 

Ауданға тартылған инвестициялық жобалар бүгінде ел өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Өткен жылдың соңында ашылған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының ауданы аумағындағы «PetroRetail» ЖШС-нің жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы соның айқын дәлелі. 

«PetroRetail» серіктестігінің В санатты кешені 2 млрд. теңгеге салынған. Инвестициялық жоба аясында заманауи талаптарға сай келетін 31 орындық қонақ үй, 20 келушіге қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану орны іске қосылды, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Айта кетейік, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің бойында 55 жол бойы сервистік кешені жұмыс істейді.

Инвестициялық жоба.jpg

Тағы да оқыңыз: