Kyzylorda-news.kz. Инватакси- мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған, мамандандырылған көлік құралы.

Бұл қызметтер мүгедектігі бар азаматтарға, соның ішінде тиісті медициналық көрсеткіштері бар балаларға көрсетіледі. Инватакси ұсынудағы қызметтерінің басым бөлігі жұмыс істейтін және оқитын мүгедектігі бар азаматтарға, олардың жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес беріледі. Мүгедектігі бар басқа азаматтар үшін инватакси қызметтері сұраныс бойынша ұсынылады.

Инватаксиге тапсырыс беру үшін жоспарланған сапардан бір күн бұрын осы қызметті ұсынатын ұйыммен байланысу қажет. Инватакси қызметтеріне сондай-ақ мүгедектігі бар азаматты күтіп алу, егер еріп жүруші болмаса, орналасқан жерінен инватаксиге дейін тасымалдауға көмектесу, қажеттілік бойынша отырғызу және түсіру, багажды тиеу және түсіру кіреді.

Тағы да оқыңыз: