Kyzylorda-news.kz. Интернет желісінде өзін бойжеткен ретінде таныстырған азамат ақша бопсалаумен айналысқан.

Жуырда полицияға қоңырау шалған жас жігіт тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Шұғыл түрде тексеру жұмыстарына кіріскен Қызылорда облысы Полиция департаментінің ҰҚҚКБ-ның  қызметкерлері бұл азаматтан белгісіз тұлғаның бір ай бойы ақша бопсалағандығын анықтады. 

Әлеуметтік желілерде жалған парақшалар арқылы өзін бойжеткен ретінде таныстырып, жеке мәліметтерді желіге жариялаймын деген желеумен қорқытып, ақша бопсалаған. Бопсалаумен айналысқан тұлға 21 жастағы Түркістан облысының тумасы болып шықты.

Департаменттің ҰҚҚКБ-ның қызметкерлерімен Түркістан облысында ұсталған күдікті Қызылорда облысына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның осы тектес басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194 - бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. 

Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Тағы да оқыңыз: