Kyzylorda-news.kz. Жеке кәсіпкерді тіркеудің және сәйкесінше салық төлемеу себептерінің бірі салық міндеттемелерінің туындауынан қорқу екені жасырын емес. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ өткен брифингте хабарлады.
Мұндай міндеттемелерді оңайлату мақсатында онлайн платформалар Yandex, Glovo, Wolt арқылы қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін пилоттық жобаны жүргізу мәселесі қаралуда.
Егер айына бір шотқа жүзден астам аударым жасалса және осындай белсенділік үш ай қатарынан қайталанса, Үкімет жеке тұлғадан салық талап етуге құқылы.
Әзірге бұл мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайының шотына түскен ақшаға қатысты. Екінші кезеңге квазимемлекеттік сала қызметкерлері ілігеді. Ал 2025 жылы жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бақыланса, 2026 жылдан бастап барлық қазақстандықтың ақшалай аударымы туралы мәлімет комитеттің қарауына түседі.
«Яндекс, индрайвер, юбер, глово қосымша арқылы тағы басқа өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жатқан адамдар бар. Осы платформалармен біз қазіргі күні келісімге келіп жатырмыз. Алынатын ақша, бәрі қандай бақылауда болады. Платформалардың жүйесі арқылы өтетін болады. Сол кезде қаншама табысы бар, платформа өзі санап, салығын біздің органға, бюджетке аударып отырады. Салық төлеуші оны білмейді, оған қолайсыз жағдай болмайды», –дейді мемлекет кірістері комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов.
Пилот шеңберінде «E-salyk Business» мобильді қосымшасында ДК ретінде оңайлатылған тіркеуден өту кезінде салықтарды интернет-платформа ұстайтын болады.
Пилот сәтті аяқталған жағдайда біз салық, зейнетақы және әлеуметтік заңнамаға өзгерістер енгізуге кірісеміз, онда ДК тіркеусіз, ал «тәуелсіз қызметкер» ретінде қызмет көрсету мүмкіндігін қарастырамыз.
Яғни, интернет-платформада тіркелу кезінде жеке тұлғаға тәуелсіз қызметкер ретінде салық міндеттемесін орындау нұсқасын таңдау ұсынылады. Осыдан кейін кірістерді есепке алу және салықтарды есептеу МКК мобильді қосымшасымен интеграциялау жолымен интернет-платформамен жүргізілетін болады.
Осылайша, салық төлеуші салық міндеттемесін өздігінен (E-Salyq Azamat-та) немесе интернет-платформа операторы арқылы автоматты түрде орындай алады.
