Kyzylorda-news.kz Астанада 60 команда бақ сынған «AMANAT» партиясының кубогіне арналған «AMANAT CUP» XХIІI республикалық пікірсайыс турнирі мәреге жетті. «Жастар Рухы» жастар қанаты мен «Qazaq Debate» қозғалысы ұйымдастырған сайыста ел аумағындағы үздік спикерлер анықталды.
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек ел Президенті еркін ойлы жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту ісіне әрдайым қолда қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы біздің жастар айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атап өткен еді. Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет. Сондықтан бұл пікірсайыс – тек сөз жарысы емес, ол ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың мектебі. Түптеп келгенде, мұның бәрі – интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындағы жүйелі саясаттың бір бөлігі», – деді ол.
