Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов Гуманитарлық-педагогикалық институттың профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттардың маңыздылығына тоқталып, білім мен ғылымды дамыту, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне енгізу жөніндегі міндеттер атап өтілді. Сондай-ақ Жолдауда көтерілген міндеттерді жүзеге асыру аясында институттың алдағы жұмыстары талқыланып, басым бағыттар айқындалды.

Кездесу барысында Гуманитарлық-педагогикалық институттың жартыжылдық есебі тыңдалып, атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар сараланды.

Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева білім беру бағдарламаларын жетілдіру, инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру және оқу үдерісінің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Баянәлі Досжанов университеттің стратегиялық даму бағдарламасы мен даму жоспары аясында 2026 жылы орындалуға тиіс негізгі көрсеткіштерді таныстырды. Сондай-ақ цифрлық құжаттардың сапасын арттыру, «AI-Sana» бағдарламасын іске асыру, QS World University Rankings халықаралық рейтингіндегі көрсеткіштерді жақсарту және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу мәселелері сөз болды.

Кездесу барысында институттың 2026–2027 оқу жылына арналған даму міндеттері талқыланып, ғылыми әлеуетті арттыру, білім сапасын қамтамасыз ету, инновациялық жобаларды дамыту және түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін көтеру бағыттары айқындалды.

Жиын соңында университет басшысы профессор-оқытушылар құрамының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы міндеттерді нәтижелі жүзеге асыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Қорқыт университеті ГПИ 2.jpg

Тағы да оқыңыз: