Instagram, Facebook және басқа да бірқатар қызметтердің істен шығыуына Қызыл теңіздегі Еуропа, Азия және Африка арасындағы байланыс кабельдерінің үзілуі себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақаудың себебі туралы гонконгтық HGC Global Communications Limited байланыс операторы мәлімдеді.

Істен шыққан кабель желілері: Азия-Африка-Еуропа 1 (AAE-1), Europe India Gateway, Seacom және TGN. Зақымдалған кабельдер оңтүстік Қызыл теңізде орналасқан, Йеменнің юрисдикциясына жатады.

Израильдік Globes басылымының мәліметінше, Қызыл теңізде йемендік хуситтердің кезекті шабуылы нәтижесінде төрт су асты кабелі зақымданған. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы интернет байланысының үзілуіне әкеліп соқты, ал негізгі шығын Парсы шығанағы елдері мен Үндістанда тіркелген.

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: