Kyzylorda-news.kz  Қызылордада 2025 жылдың 7-8 қараша күндері облыс әкімінің қолдауымен мерейлі 5 жылдық «Inno.Fest» Qyzylorda 2025 инновациялық жобалар фестивалі өтеді.

«Inno.Fest» Qyzylorda – «Software dev», «AI», «Movies&video» бағыттары бойынша 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейін ІТ саласында жоба жасауды мақсат ететін іс-шара.

Аталған фестивальге республиканың өзге де облыстарынан және көршілес мемлекеттерден қатысушылар келеді.
Фестивальдің негізгі мақсаты – аймақ дамуына қажетті жаңа инновациялық идеяларды қолдау, ІТ бағытына қызығушы жастардың жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік беру және жаңа есімдерді шығару.

Ауқымды шараға Қызылорда облысының шалғай елді мекендерінде тұратын ауыл жастарын тарту мақсатында 13-16 қараша аралығында Inno.Fest Roadshow кездесулері өткізілді.

Жыл сайын фестивальге ІТ, медиа және киноиндустрия саласында жетістікке жеткен танымал азаматтар спикер ретінде шақырылады.

«Inno.Fest» Qyzylorda фестивалінің биылғы спикерлері:

«Кино&Видео» секциясы бойынша: Дәурен Серғазин — актер, режиссер, тележүргізуші. (@dauren_sergazin) , Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері. Астана жастар театырының негізін қалаушы актері. Кино өнерінде де рөлдері бар. ( «Возвращение в А» , «Жас ұланда» , «Жаужүрек мың балада» , «Брат или брак2», «Біз екеуміз», « Ән аға» ) киноларымен танымал. Азамат Тұрсынбай — блогер, актер, сценарист (@trsnbay) , «Сыныптас», «Жол», «Қалам», киноларымен танымал. Ғани Әбдиев — ПТК компаниясының СЕО-сы, продюсері.

«Жасанды интеллект» секциясы бойынша Тимур Бектұр — (@timurbektur) ІТ сарапшы, ЖИ зерттеушісі, жазушы, спикер, цифрлық ойлау мен білім мәдениетін қалыптастырушы. Айдос Жұманазар — (@aidos.zhumanazar) Eduser компаниясының бас директоры, кәсіпкер. Джесу Ким — жасанды интеллект саласының профессоры.

«Software Development» секциясы бойынша Асқар Болат — (@asqar_bolat) Qalan.kz компаниясының бас директоры, кәсіпкер. Qalan.kz математикадан интерактивті онлайн порталының негізін қалаған. Білім негізінде табыс табуға болатынын дәлелдеп берген қазақстандық мұғалім. Ғани Абадан — (@abadgani) , EdTech және AI саласының сарапшысы. Жандос Оңалбеков — JSoft компаниясының бас директоры, кәсіпкер. Жобаның жүлде қоры 5 400 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ, әр секциядан үздік шыққан жастарға Халықаралық ІТ университеті, Астана ІТ университеті, Қорқыт Ата университеті, Болашақ университеті, Ашық университетінің оқу гранттары, сондай-ақ фестиваль серіктестерінен бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Фестиваль серіктестері: Astana Hub, Н.Назарбаев Қоры, KeyHorse, JSOFT, MSSP GLOBAL, Ұлттық ақпараттық технологиялар,  Елорданы тұрақты дамыту орталығы,  Alceko, IT Space ,  Global elements,  Kaspersky,    Альянс-Техносервис,  Grand Master, Hikvision, Alatau Smart Technology, EKİN, Marvel Kazakhstan, Fortinet Inc, Қазақтелеком, Транстелеком,  Kcell, Tele2, Мағжан и К,  Orda_cakes_kzo, Effect_zolushki_kzo, Fly orda, Red orda

Тағы да оқыңыз: