Kyzylorda-news.kz Облыс орталығынан 110 шақырым жерде, ал аудан орталығынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан Іңкәрдария ауылдық округі Сырдариядағы шалғай елді мекендердің бірі. Жалпы жер көлемі 47086 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы жер көлемі 27772 гектарды құраса, 8739 гектары жайылымдық, 873 гектары егістік, 23 гектары шабындық жерге арналған.

Іңкәрдария ауылдық округі бойынша 160 отбасында 806 халық тұрады. Оның ішінде: экономикалық белсенді халық саны 373 адамды құрайды. Ауылда бір орта мектеп, шағын орталық, фельдшерлік акушерлік бекет, ауылдық клуб үйі, кітапхана және Қазпошта, ветстанса  бөлімшелері халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылда 2 тыл ардагері, 64 зейнеткер, 27 мүмкіндігі шектеулі азамат, 11 «Алтын алқа» және 12 «Күміс алқа» иегерлері бар.

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес аудандық "Мансап" орталығына жұмыссыздыққа тіркелген жұмыссыздар бойынша 44 адам тұрақты жұмысқа, 46 адам ақылы қоғамдық, 1 адам жастар тәжірбиесімен жұмыс жасаған. 9 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, тиісті қаражаттарын алған. Елді мекенде орналасқан №191 орта мектебі 624 орынға арналған. Педагогтердің саны – 37. Олардың  34-і жоғары білімді, 3-і арнаулы орта білімді.  Бірқатар пәндер электронды оқулықтармен оқытылып, интернет іске қосылған. Мектепте 188 оқушы білім алуда. "Қарақасқа" елді мекенінен 8 оқушы тасымалданып, 4  оқушы үйден оқытылады. Мектеп жанынан ашылған «Еркетай» шағын орталығында 2 топта 40 бала тәрбиеленуде. Бөбекжай балабақшасында 1 әдіскер, 4 тәрбиеші жұмыс жасап, жұмыспен қамтылып отыр.

Іңкәрдария ауылдық клуб үйінде 57 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 7620 көрермен қамтылған. Клуб үйінде 5 үйірме жұмыс жасайды. Жыл бойына өнерпаздардың түрлі деңгейдегі байқауларға қатысу көрсеткіші бойынша 3 – Халықаралық, 6 – Республикалық, 5 – облыстық, 17 – аудандық байқауларға қатысты.

Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Іңкәрдария  модельді ауылдық кітапханасында  18559 кітап қоры бар. кітапхана 149 жаңа әдебиетпен толықтырылған.

Ауылдық фельдшерлік акушерлік бекетінде барлығы 8 адам ауыл халқына медициналық жәрдем көрсетеді. Өткен жылы  2014 адам белсенді түрде қаралып ем алса, профилактикалық байқаудан өткен ересектер саны – 180 адам, балалар саны  –  259.  18 сәби дүние есігін ашқан. Үйге шақырушылар саны – 278 адам. Диспансерлік есепте тұратын науқастарға тиісті медициналық көмектер көрсетіліп келеді.

Ауылдық округ бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына ауыл тұрғындары есебінен (шаруа қожалықтарындағы малды қоса алғанда) МІҚ -1976 бас, қой- 253 бас, ешкі 327 бас, жылқы-1161 бас, түйе-180 бас, құс-340 бас бар. Төрт түлік малға ауылдық ветеринарлық пункт мамандары уақытылы емдеу, профилактикалық егу жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.

– Ауылдық округі бойынша 71 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның жұмыс істеп тұрғаны – 68. Жеке кәсіпкерлер – 41, шаруа қожалықтары –  26 және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 3, АӨК-1. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 5 адам оқыды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 1 380 000 теңге бойынша ауылдық округтен  4 адам грант алып, жұмыс жасауда.

«Іскер» бағдарламасы бойынша 5 кәсіпкер жылқы және МІҚ мал басын көбейту мақсатында 20,6 млн теңге несие алып,  жұмыс жасауда.

«Жастарға арналған төмендетілген 2,5 пайыздық несие бойынша 1 кәсіпкер МІҚ мал басын көбейту 2,6 млн теңге несие алып, жұмыс жасауда.

Субсидиялау тетігі бойынша 1 кәсіпкер 4,6 млн теңге несие алып жұмыс жасауда.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 1 АӨК ауылшаруашылық техникаларын алуға 22 млн теңге несие алып жұмыс жасауда.

Абай Құнанбаев, Жамбыл көшелерін жөндеуге барлығы 66,3 млн. тенге қаржы бөлініп асфальтталынды.

Ауыз су жинау құбырын (башня) жаңадан  ауыстырылды. Жоба  құны 5 млн теңгені құрайды.

"Мүлкілан" әулие мазарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны 22 млн теңгені құрап отыр.

Ауылдық  фельдшерлік акушерлік бекетіне күрделі жөндеу  жүргізілді. Жоба құны – 53 200 000 мың теңгені құрайды.

Жоба құны 3,366,964 теңге болатын, көлемі 2 га тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынды. Одан бөлек ауылішілік жолдардың ой шұқырлары жөнделіп, 3,080 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды, – дейді ауылдық округ әкімі Сәулет Есдәулетов.

Тағы да оқыңыз: