Kyzylorda-news.kz Астана қаласында өткен «INFOMATRIX-ASIA 2026» халықаралық байқауда Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 5 жүлделі орынға ие болды.
Биылғы байқауға 10-нан астам мемлекеттен 250-ден астам команда қатысып, жасанды интеллект, стартап жобалар, робототехника және басқа да заманауи бағыттар бойынша өз жобаларын ұсынып, халықаралық сарапшылар алдында қорғады.
Hardware Control категориясы бойынша:
- ІІ орын – Исмаил Шарапат пен Байбарыс Сұлтанғазы (жетекшілері: Нұркен Абджалиев, Жадыра Ажибаева);
- ІІ орын – Ару Махамбетова мен Айғаным Ернатқызы (жетекшілері: Гүлмира Бакулова, Анар Кенесары);
- ІІІ орын – Гауһар Бисембай мен Айжан Айбек (жетекшісі: Диас Асылбек).
AI Programming бағыты бойынша:
- ІІІ орын – Амина Омарова (жетекшілері: Рахматулла Кадиров, Адильжан Науан).
Applied Science категориясы бойынша:
- ІІ орын – Аяулым Тәуекел (жетекшісі: Айнұр Құрақбаева).
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылардың STEM бағытындағы құзыреттерін жүйелі түрде дамытуда.

