Kyzylorda-news.kz. Соңғы уақытта 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың ерте жүктілігі жиі кездесуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Сенім» емханасы директорының ана мен бала жөніндегі орынбасары Индира Аширова жасөспірімдер арасындағы осындай жәйттарды болдырмау мақсатында өз кеңесімен бөлісті.

«Ерте жүктілік 13 және 18 жас аралығындағы жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Ерте жүктіліктің негізі себептері − енді бойжетіп келе жатқан жастардың ата-аналармен ашық сөйлесе алмауынан және дұрыс ақпарат алмағаннан болуда. Қазіргі уақытта жыныстық жолмен берілетін түрлі инфекциялық аурулар өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер арасында кең таралуда. Осының салдарынан ағзадағы гормондардың бұзылуы, бедеулік сияқты дерттерге ұшырайды. Ерте жүктіліктің алдын алуда орта және жоғары оқу орындарында үнемі ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілу керек. Сонымен қатар, неғұрлым қыз баланың жасы кіші болған сайын ерте жүктіліктің асқынулары өте көп болады. Біздің қауіптенетіміз, камелет жасына толмаған қыз балалардың криманалдық аборт яғни медициналық мекемелерден тыс жерде жүктілікті тоқтатуы. Бұның аяғы ана өліміне дейін әкелуі мүмкін», – деді Индира Қалдыбекқызы.

Тағы да оқыңыз: