Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Міне, көріңіздер, мешітке берген пітір садақа, басқа садақалар, қай жаққа кетіп жатыр... Жетімдерге емес, мүгедектерге емес, қиналып жатқан жанұяларға емес, су тасқыннан зардап шеккендерге емес. Молдалар семіргеннен соңғы үлгіде шыққан Lexus көлігін алып жатыр. VIP нөмірінің өзі 5000 доллар тұрады дейді. Бұлар да шенеуніктердің бір түрі ғой», — деп жазды қазнет қолданушысы.

ҚМДБ видеодағы дін қызметкерінің «әл-Әділ» мешітінің имамы екенін растады. Алайда аталған қымбат көліктің дін қызметкерінікі еместігін мәлімдеді.

«Рамазан айында көптеген қазақстандық мешіттерде қайырымдылық шараларын өткізеді. Бейнежазбада көрсетілген көлік келушілердің біріне тиесілі», — деді басқарма.

Тағы да оқыңыз: