Фото: ozgeris.info

Kyzylorda-news.kz Отандық танымал жайдарманшы әрі актер Нұрсұлтан Жақсыген келіншегімен неліктен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Нұрсұлтан Жақсыген Instagram-дағы парақшасында жан сырын ақтарған. Оның сөзінше, екеуара кикілжің ол ата-анасын қасына көшіріп әкелген соң басталған. Өзара түсінбестіктер жас жұпты ажырасуға дейін жеткізген.

Ауылдан ата-анамды қалаға алып келіп, қанша ғұмыры қалды дейсің, жағдайын жасап, немерелерінің алдында мәз болып жүрсін деп едім. Өздері қалаға үйренісе алмай жүргенде, келінінен сөз есту қандай қиын десеңші. Екі ортада қалып қойсам да, әліптің артын бағып, түзелер десем де, әлеуметтік желіде енді мені жамандап әлек. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды деп, жылы жауып қоя салатындай емес. Жәннатқа жету жолын ата-анасының разылығына, әйелінің жәннатын ерінің разылығына байлап қойған жоқ па. Дүние-ақша дегенге ешкім жеткен емес, отбасың ойран болып жатса, ешнәрсе де керек емес. «Ақылға көнейік, бізден басқа балапандарымызға кім ата-ана бола алады» деген нәрсені де тыңдаған жоқ. Өзі барып арыз беріп, өзі алимент төлетемін деп айтты. Балалар дегенде ет жүрегім езіліп кетердей әкелік махаббатымды быт-шыт қылды. Бізде бәрі болды: махаббат та, сезім де, үй де, ақша да... Тек «менің қателігімді кешірші» деген иілу болмады, - деп жазды актер.


 

Тағы да оқыңыз: