Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық округіндегі №106 сайлау учаскесі таңғы 07:00 ашылды. Тұрғындардың белсенділігін арттыру мақсатында сайлау учаскесінде Бауырсақ пати, Наурыз көже, Өзге ұлт өкілдерінің тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

8a570c4d-2b4a-45ed-9df0-95c27892cd65.jpgСондай-ақ, ауылдың үлгілі келіндері, үлгілі отбасы мүшелері, Алтын алқа, күміс алқа иелерінің, сонымен қатар Патриоттық жастар шеруі, Ұлттық спорт түрлерінен түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Ауылдық округтегі ұстаздар, медицина қызметкерлері ұлттық нақышта киініп бір уакытта дауыс берді.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.

51dc6854-bbe4-49f3-b629-82376b24a045.jpg

Тағы да оқыңыз: