Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының тұрғындары таңғы сағат 7.00-ден бастап өз сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруде. Маңызды сәтке жауапкершілікпен қарап, ең алғашқы болып дауыс беруге келген тұрғындардың бірі ІІІ Интернационал ауылының жайсаңдары.
Ауылда «Бауырсақ party» ұйымдастырылды. 106 сайлау учаскесінде «Ауылымның үлгілі келіндері» бастамасы аясында ұлттық нақышта киінген келіншектер бір мезетте дауыс берді.
Айта кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.
