Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының III Интернационал ауылында бірлік пен келісімді дәріптейтін сериал НТК телеарнасы арқылы көрерменге жол тартты. Күні кеше ауылда сериалдың тұсаукесері  өтті. Енді III Интернационал сериалын әр жексенбі сайын сағат 17:00-де НТК телеарнасынан тамашалауға болады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «НТК» телеарнасының тапсырысы негізіндегі комедиялық сериалға «BAS Production» компаниясы кинокартина жасаумен айналысты. Оның бас продюсері, осы ауылдың тумасы Ақылбек Досжанов.

Бас продюсер Ақылбек Досжановтың айтуынша 10 сериядан тұратын сериал 20-ға жуық түрлі ұлт өкілдері мекендеген шағын ауылда өтті. III Интернационал ауылын таңдаудағы басты мақсатта осы. Ауылдағы этнос өкілдерінің 100 пайызы қазақ тілін ана тілім деп санайды. Сериал ауыл тұрғындарының шынайы достығы мен бірлігін көрсететін қызықты оқиғаларға толы.

Айта кету керек, режиссерлер сериалдың көптеген кейіпкерлерін жергілікті тұрғындар арасынан таңдаған. Кастингке барлық тілек білдірушілер балалар мен ересектер қатысқан. 

Сериал қалай өрбиді?

Ауыл әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясы делегациясына арналған шара ұйымдастыруы керек болады.  Әкім өте талапшыл, әрбір жұмыстың тыңғылықты болғанын қалайды. Алматы қаласынан режиссер шақыртып, ауыл тұрғындарын концертке дайындайды. Әрине, барлығы бірден тамаша бола қалуы мүмкін емес. Дайындық барысында әртүрлі мәселелер туындайды.. Алматылық режиссер ауылдың сұлу қызына ғашық болады. Жалпы сериалда ұрпақтар сабақтастығы, халық достығы, ауыл бірлігі, шынайы махаббат барлығы көрініс табады. 

кино1.jpg
кино2.jpg

Тағы да оқыңыз: