Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиев «Әкелер одағы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының директоры, белгілі меценат Ержан Искендірді қабылдады.
Кездесу барысында қоғамдық бірлестіктің идеологиялық бағытта атқаратын жұмыстары мен алдағы іс-шаралар жоспары талқыланды. Сондай-ақ, ауданда осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ержан Искендір алдағы жоспарларымен бөлісіп, қоғамдық бірлестік тарапынан жүзеге асырылатын бастамалар туралы айтты.
