Kyzylorda-news.kz  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірлерінде табиғи апат салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жариялады.

Президент өз сөзінде қазіргі күні еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланғанын және Үкімет пен жергілікті әкімдіктер тарапынан қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

Мемлект басшысы су тасқынан зардап шеккен бірде-бір адам ескерусіз қалмайтынын, тиісті көмек болатынын, осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды екенін, бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз деді.

«Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елімізде орын алып жатқан осындай қиын сәтте елдің бірлігі өте маңызды. Баршаңызды тек сенімді әрі ресми ақпараттарға сүйенуге шақырамын. Елімізге амандық, баршаңызға саулық тілеймін!

Ибайдулла ТІЛЕП,

Қызылорда облысының мәслихат депутаты

Тағы да оқыңыз: