Kyzylorda-news.kz Алматы облысының Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаевқа үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Ол адам ұрлады, пара талап етті және денсаулыққа ауыр зиян келтірді деп айыпталып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орта қауіпсіздік режиміндегі түзету мекемесінде өтейді.
Тілшінің айтуынша, сот залында Хасан Қасымбаевтың өзі отырған кабинаны сындырып тастағанын айтты. Ол журналистердің сот залынан шығуын талап еткен.
Айыпталушы мен туыстарының қарсылығынан соң журналистер сот залынан шығарылды. Сот мұны журналистердің қауіпсіздігі үшін жасалды деп түсіндірген.
Фото: Видеодан скрин
