Kyzylorda-news.kz Наурыз мейрамына орай Қызылорда облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ерекше мерекелік атмосфера қалыптасты. ХҚКО қызметкерлері келушілерді ұлттық киімде қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қызметкерлер қазақтың дәстүрлі шапаны, камзолы мен сәукелесін киіп, наурыз мерекесінің сәнін келтірді. Сонымен қатар, орталықтарда қазақтың ұлттық музыкасы ойналып, келушілерге наурыз көже ұсынылды. Мұндай шаралардың басты мақсаты – ұлттық мәдениетімізді дәріптеу және халыққа ыңғайлы, жылы орта қалыптастыру.

Азаматтар мерекелік безендірілген ХҚКО-ға келіп, мемлекеттік қызметтерін алды. Келушілер бұл бастаманы жылы қабылдап, ерекше ықыласпен қарсы алды.

Осындай игі бастамалар халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттырумен қатар, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға да өз үлесін қосады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: