Kyzylorda-news.kz. Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде ҚР ЖОО студенттері арасындағы республикалық ХІІ жазғы универсиадаға қатысқан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің спортшыларымен кездесу өтті.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова спортшыларды жеңісімен құттықтап, университет абыройын арттырғаны үшін алғысын білдірді.

«Универсиадаға білім ордасынан 120 студент қатысып, 16 спорт түрінен сынға түскен болатын. Спортшыларымыз 7 алтын, 8 күміс, 22 қола медальді еншіледі. Баршаңызды жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Намысты қолдан бермей, білім ордасының дәрежесін көтурде қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін», - деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Жеңімпаздар өз кезегінде университет басшылығы мен тәлімгерлерге қолдау мен зор сенім артқаны үшін ризашылықтарын жеткізіп, оқу ордасына алып келген кубоктарын табыстады.

Айта кетейік, ХІІ жазғы универсиада ойындарында бірінші орын алған спортшылар 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласына өтетін дүниежүзілік универсиадаға жолдама алды. Халықаралық додада дзюдо спорт түрінен еліміздің намысын қорғайтын 3 студентіміз Айғали Қалдыбек, Шынар Абатова және Дина Мұханбетке сәттілік тілейміз!

358367912_787446853124849_91360570031763415_n.jpg

Тағы да оқыңыз: