Kyzylorda-news.kz Арал ауданының орталығынан «Хан» СПА заманауи кешені ашылды. Жеке кәсіпкер Ж.Исаевтың жеке қаражаты есебінен салынған жабық бассейін кешенінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев, аудандық мәслихат төрағасы Б.Төрахметов және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.

Алдымен аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев орталықтың ашылу салтанатымен құттықтап, кәсіп иесіне ризашылығын жеткізді.

Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы Б.Төрахметов, аудандық ардагер кеңесінің төрағасы Ә.Әйімбетовтер өздерінің ізгі лебіздерін жеткізіп, аудан тұрғындары үшін мұндай орталықтардың болуы маңызды екенін жеткізді.

Орталықта 6 номер қамтылған. Бассейн, Джакузи, Массаж, Караоке, түрлі ас мәзірі сынды қызметтер келушілерге жайлы көңіл-күй сыйлайды. Одан бөлек, Терасса, парлары қарастырылған.

Қазіргі таңда Арал қаласы мен Сексеуіл кентіндегі ескі вокзалдардың орнына жаңа ғимараттардың құрылысы жүргізілуде.

Бүгінде қалалық темір жол бекетінің құрылыс жұмыстарын «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС мекемесі жүргізуде. Ғимараттың қабырғаларын қалау, бетон бұйымдарын берік орнату, терезелерін салу және ішкі бөлмелерін сылау жұмыстары жүргізілуде.

Медицина саласында да нәтижелі істер қолға алынуда. Аудандағы жұқпалы аурулар бөлімшесінің ескі ғимаратының орнына жаңа нысанның құрылысы жүріп жатыр. Құны 2 млрд 300 млн теңге болатын нысанды «Иман» ЖШС мекемесі салуда. Қазіргі уақытта сыртқы абаттандыру және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Аралда «Хан» спа кешені ашылды.jpg

Тағы да оқыңыз: