Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда өздігінен жүріп-тұра алмайтын бірінші топ мүгедектігі бар азаматтар мемлекет қаржысы есебінен жеке көмекші қызметін пайдалана алады.

Қызмет ХҚО немесе egov.kz порталы арқылы тегін рәсімделеді.

Қызметті онлайн алу үшін:

  1. Порталға авторизация арқылы кіріңіз де, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» қызметін табыңыз;
  2. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз және өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз;
  3. Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарлама жеке кабинетіңізге келеді.

Қызметті ХҚО-да алу үшін:

  1. Өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат;
  3. Мүгедектігі бар адамның атынан жүгінсеңіз сенімхат керек.

Екі жағдайда да қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні.

Клиентке жауап СМС-хабарлама арқылы жолданады.


Тағы да оқыңыз: