Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында техникалық ақаулар шықты, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Техникалық қателіктерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен авто орталықтарда адамдардың кезегі көбейді. 

“Бүгінгі күні халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жеке ақпараттық жүйелер дұрыс жұмыс істемейді. Осыған байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен авто орталықтарда азаматтардың тығыздығы байқалады”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта “Ұлттық ақпараттық жүйелер” АҚ мамандары техникалық ақауларды жойып жатқандығы атап өтілді.

“Біз әрбір қызмет алушыдан шыдамдылық танытып, мүмкіндігінше азаматтардың көп шоғырланатын орындарынан аулақ бола отырып, мемлекеттік қызметтерді онлайн режимінде алуын сұраймыз”, – деп қосты баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: