Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемелекеттік корпорациясы» Қызылорда облысы бойынша филиалы 2022 жылдың 4 ақпан күнінен бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа кестеге сәйкес жұмыс жасайтындығын Сіздердін назарларынызға салады.
Жаңа жұмыс кестесіне сәйкес ХҚКО дүйсенбі жұма аралығында сағат 09:00 ден 18:00 аралығы сіздерге қызмет көрсетеді, ал сенбі және жексенбі күндері демалыс. Бұл кесте Республика көлеміндегі барлық ХҚКО-ны қатысты.
Жаңа кестенің еңгізудін басты талабы, елімізде, оның ішінде өңірімізде коронавирус инфекциясына таралу қауіпін азайтуға бағытталған. Осы ретте барлық тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз.
Қосымша: санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында ХҚО-ға «Ashyq» қосымшасы арқылы және медициналық маскалардың болуы талап етіледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» тұрғындарды «электрондық үкімет» онлайн-сервистерін белсенді пайдалануға шақырады. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің 645 түрі (мемлекеттік тізілімдегі 690 қызметтің ішінде) электронды түрде қолжетімді, клиенттер оларды өздері ала алады:
• eGov.kz электронды порталы;
• eGov Mobile мобильдік қосымшасында;
• Telegram мессенджеріндегі бот арқылы (@Kenes1414Bot);
• Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілерінің мессенджерлері арқылы (жеке хат алмасу)».
Қосымша сұрақ туындағанда 1414 Бірыңғай байланыс орталығына забарласуға болатының қоса жеткіземіз.
