Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы жанынан құрылған «AMANAT» партиясының «Халық» бастауыш партия ұйымы құрамы жаңа мүшелермен толықты. Қазіргі таңда аталған партия ұйымының 235 мүшесі бар. Бастауыш партия ұйымы партияның басты міндеттерін жүзеге асырып, тұрғындарға сапалы қызмет ету мақсатында құрылған. I
2022 жылғы 1 наурызда XXII Съезде «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі «AMANAT» партиясы деп аталуына байланысты партия билеті жаңа үлгіге өзгертілді.
Бүгінгі шарада «Халық» бастауыш партия ұйымы жаңа және бұрынғы мүшелері де жаңа куәліктерін қолына алды. Салтанатты жиында Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Шәріп Әбдірахман «Халық» бастауыш партия ұйымының жұмысын оң бағалап, жастарға сәттілік тіледі.
«Халық» бастауыш партия ұйымы құрылғанна бері «AMANAT» партиясы жұмысының алға басуына үлес қосып келеді. Көптеген жұмыстарды бірлесе атқарды. Бүгінде партиямыз жаңа атау иеленіп, бағытын заман талабына сай өзгертті. Партияның тәуелсіздік жылдарында мемлекет үшін қыруар қызмет атқарғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Бүгінде партия жауапкершілігі күшейді, беделі артты. Сондықтан, жастар біздің қасымыздан табылуы тиіс. Партия қатарына өтіп, бізбен мақсаттас болған әрбір жастың қадамына сәттілік тілеймін, – деді «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Шәріп Әбдірахман.
«Халық» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айнұр Тобаева «AMANAT» партиясының қатарына өткен жастарды партия куәлігін алуымен құттықтап, ұйым жұмысын дамытады деген сенімін білдірді.
Шара соңында партияға қатарына өткен филиалдың жас маманы Серікболсын Маденов партия мүшесі атануды абырой санайтынын, партия беделін арттыруға білімі мен жігерін салатындығын жеткізді.


