Kyzylorda-news.kz. Жосалы кенті орталығында жаңа жылдық шыршаның шамы  жағылды.

Шара барысында «Қазақстан халық жинақ Банкі» акционерлік қоғамы ауданымыздағы мүгедек жандарға қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп, газель маркалы инвотакси автокөлігін сыйға берді.  

 «Қазақстан халық жинақ Банкі» акционерлік қоғамы Байқоңыр филиалы директорының орынбасары Алмат Қорабаев сөз алып, аудан тұрғындарын жаңа жылмен құттықтады.  Газель  маркалы инвотакси автокөлігінің  кілтін Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерінің тіркеу бөлімінің басшысы Зере Метероваға табысталды.

Шараға аудан әкімі М. Қалдарбеков арнайы қатысып, санаулы күндер қалған Жаңа 2020 жылмен құттықтап ізгі лебізін жеткізді.

«Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап, жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз. Биылғы жыл біздің ауданымыз  үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртудан өткізіліп, әлеуметтік мәні зор жобалар іске асырылды.  Аудан диқандары биылғы жылы 23 690  гектар  жерге егіс ораналастырып, аудан еңбеккерлері алтын дән тапсыру жолында толағай табыстарға жетті. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен биылғы жыл «Жастар жылы» болып жарияланып, ауданымыздың жастары республика бойынша үздіктер қатарынан көрінді» – деді аудан әкімі.

Қармақшыдағы бас шыршаны жағу мәртебесі аудан мақтаныштары Параолимпиадалық ойындарда жүгіруден 1 орын иегері Бағдат Елібаев, самбодан жасөспірімдер арасында Әлем және Азия біріншілігінің жүлдегері Дамир Абдеков, ауданның жас өнерпазы, әнші, актер, мәдениет саласына жас болсада өз үлесін қосып жүрген Ақсұңқар Айдынұлы, Республикалық және облыстық конкурстар мен ғылыми жобалардың  жеңімпазы Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Маржан Айтжанова,   О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің озат оқушысы Серікжан Әбдуәлиевке табысталды. Шара соңы аудан өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.

Тағы да оқыңыз: