maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz   Табиғи апаттарға байланысты Қазақстан Республикасының басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады.

Президентіміз жағдайдың күрделілігін баяндап, еліміздің 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Арнайы штаб құрылғанын айтып, Төтенше Жағдай Министрлігімен бірігіп апат болған аймақтарды аралап жүргенін хабарлады.  Үкімет пен атқарушы органдарға тапсырма беріп, қатаң түрде өз бақылауына алғанын жеткізді. Оған қоса материалдық шығындар толық өтелетінін айтты. Сын сағатта бір-бірімізге демеу болуымыз қажет.

Мойындау керек елімізге оңай болып тұрған жоқ. Қанша қала, кент, ауылдарды су алып жатыр, қанша мал қырылып жатыр. Саналы халық өз күшімен де ұйымшылдықпен тойтарыс беруде. Үкіметте бар күшін салып жатыр. Қазақ Елінің  көптеген аймақтарынан апаттар болған өңірлерге көмек беріліп жатыр. Қасиетті Сыр бойы халқы да үлкен көмек көрсетуде. 

Көршілес елдерден  Қырғыз Елі алғашқы болып көмек жіберді. Қырғыздар ағайын екенін көрсетіп Қазақ-қырғыз бір туған екенін  білдіріп жатыр. Халықтың бір-біріне деген жанашырлығы, бірлігі қуантады.
Бұл қиыншылықтан да өтеміз. Қазақ халқы мың өліп, мың тірілген халық қой.  Бұл қиыншылықты да артқа тастайтын боламыз. Бастысы бірлігіміз бекем болса болғаны.

Бақытжан Ахметбек,
Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы 
ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Тағы да оқыңыз: