Kyzylorda-news.kz. Қазақ халқы 30 жыл бұрын ата-бабаларының ғасырлар бойы арманын орындай отырып, тәуелсіздігін жариялады. Осы жылдар ішінде берік бірліктің арқасында өз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін әрқайсымыз жанымызды салып тұрып харекет еттік. Бұл уақыт жасампаздық пен прогресс, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. 

Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін арттыруға, елді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға әлі де мүмкіндіктер беріліп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында бірқатар келелі мәселелер талқыланды. Жолдаудың барлық тармақтарын мұқият қарап оқып шықсаңыз, барлық әрекет халықтың - қазақ елінің әл-ауқатын жақсартуға арналған тиімді жобалар. 

Президентіміз аталмыш жобалар мемлекетіміз бен халқымыздың мүдделерін ескере отырып, біртіндеп және ұдайы жүзеге асырылатынын да атап көрсетті. Қай тармағын алып қарасақ та, жолдауда мемлекетімізде жүйелі саясаттың болуы жөніндегі мақсат-міндеттер маңызды орын алған. Жүйесіз саясаттың ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына және тіпті мемлекеттіліктің жоғалуына әкелетінін айта кеткен. Сондықтан біз саяси реформалардың дәйекті, табанды және ойластырылған түрде жүзеге асырылуына атсалысу керекпіз. 

Саяси жүйенің дұрыстылығы мемлекет тұрақтылығының негізі болып табылатыны барлықтарыңызға аян. Сондықтан да болар, мен Президентіміздің ұқыпты саясатын толығымен қолдаймын және үкіметке берілген тапсырмалары мен алға қойылған мақсаттарының орындалуына тілектестігімді білдіремін!

Манзура АБДУГАФАРОВА, 
Өзбек этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары

Тағы да оқыңыз: