Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4-курс студенті Мадияр Дузумбайұлы Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі VI халықаралық олимпиадаға қатысып, «Ақпараттық қауіпсіздік» бағыты бойынша ІІ орын иеленді.

Халықаралық білім додасы Ресей Федерациясының Красноярск қаласында өтті. Олимпиадаға әлемнің 45-тен астам елінен 700-ге жуық студент қатысып, қаржылық мониторинг, экономикалық қауіпсіздік, құқықтану және ақпараттық қауіпсіздік бағыттары бойынша білімдері мен кәсіби даярлықтарын сынға салды.
Олимпиада аясында «ТМД елдеріндегі қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жастардың рөлі» тақырыбында панельдік пікірталас ұйымдастырылды.

