Kyzylorda-news.kz Бауырлас Қырғыз елінде өтіп жатқан Көшпенділер ойыны аясында қазақ-қырғыз ақындарының VI халықаралық айтысы ұйымдастырылды. Оған екі елден 16 ақын қатысып, үш күн бойы сөз сайысының көрігін қыздырды.
Қазақ-қырғыз айтысының тамыры тым тереңде жатыр. Көршілес екі елдің ынтымағы мен татулығын, бірлік-берекесін жырлаған. Сүйінбай мен Қатаған, Жамбыл мен Тоқтағұл ақындардың дәстүрі бүгінге дейін жалғасып келеді.
Қырчын жайлауындағы аламанда Сыр елінің қос ақыны Мейірбек Сұлтанхан мен Мұхтар Ниязов бас жүлде мен І орынды қанжығаға байлады!
Ұстаз бен шәкірт дәстүр сабақтастығын жалғап, алыптардың айнымас достығын, татулығын, сыйластығын жырлады.
