Kyzylorda-news.kz Достық үйінде облыстық татар этномәдени бірлестігінің онкүндігі аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған халық шығармашылығы көрмесі өтті.

Іс-шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, И.В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Кездесуде "Қоғамдық келісім" КММ директоры Бақытжан Камалов және татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Ғалия Ғизатуллина құттықтау сөз сөйледі.

Халық шығармашылығы көрмесі.jpg

Іс-шара қонақтары көрме экспонаттарымен танысты: татар орталығының бай кітапханасы, сәндік-қолданбалы өнердің түрлі бұйымдары, тұрмыс заттарын тамашалап, №5 мектеп-лицей ұсынған соғыс уақытындағы жәдігерлері және татар орталығының негізін қалаушы Нағима Ахмадеева туралы мәліметтер алды.

№5мектептің 6-сынып оқушылары «Жас Панфиловшылар» әскери жылдардағы әндермен сүйемелденетін әскери-патриоттық тақырыптағы көріністі көрсетті. Ал мектептің алғашқы әскери дайындық (НВП) пән мұғалімі Вахит Валиев көрме экспонаттарының тарихы туралы айтып, Ұлы Отан соғысының шайқас орындарындағы іздеу жұмыстарына қатысқаны слайдтар көрсетті.

Халық шығармашылығы көрмесі 3.jpg

Тағы да оқыңыз: