Kyzylorda-news.kz.  Сырдария аудандық мәслихат депутаты Марат Бакуов Қалжан ахун ауылындағы бірқатар сауда нысандарындағы, азық-түлік дүкендеріндегі бағаға мониторинг жасады. Мониторинг жұмыстары барысында Қалжан ахун ауылындағы сауда дүкендеріндегі бағалар тұрақты және шекті бағадан аспағаны анықталды. Сонымен қатар, Тереңөзек кенті орталығындағы дәріханалар мен жанар-жағармай бекеттеріндегі бағалар да тұрақты және қоры жеткілікті. 

– Бүгінде азық-түлік дүкендеріндегі бағаның тұрақтылығының сақталуы – маңызды рөл ойнайды. Осы күні ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің мамандарымен бірлесіп, азық-түлік бағасын бақылаудамыз. Әрине, халық ішінде азық-түлік бағасының тұрақсыз болуына байланысты біршама мәселе көтерілді. Мәселенің алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын төмендетуге ұсыныс айтылды. Шын мәнінде, нарық бағасы тақымнан қысқан кезде жергілікті тұрғындарға қиындық соғуы мүмкін. Бұл ретте, жеке кәсіпкердің мүддесін де, тұрғындардың жағдайын ойлауымыз керек, – аудандық мәслихат депутаты.  

Өз кезегінде азық-түлік дүкендеріндегі бағаға мониторинг жұмыстары алдағы уақытта тұрақты жүргізіліп тұрады. 
 

Тағы да оқыңыз: