Kyzylorda-news.kz.  Жақында ҚР Парламентінің қос палатасындағы депутаттар демалысқа шыққаны мәлім. Өз кезегінде Сыр өңірінен сайланған халық қалаулылары аудан орталықтарында болып, жергілікті халықпен кездесуде. Сырдария ауданына сапары барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мархаббат Жайымбетов, ҚР Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов  аудан тұрғындарына арналған жеке қабылдау өткізді. «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізілген кездесуде халық қалаулылары аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша уәждерін тыңдады. 

Қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан Шаған елді-мекенін газдандыру, Қалжан ахун елді-мекенінің электр жжүйесін жаңарту және аталған ауылдағы Қайқы батыр көшесіне асфальт төсеу, Тереңөзек кентіндегі көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыру, тұрғын үй және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша сұрақтар қойылған болатын. Бұл ретте, халық қалаулылары әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, барлық мәселелер заң аясында шешілетіндігін жеткізді. 

– Біз Сырдария ауданына сапарымыз барысында біршама мәселені назарымыз алдық. Ауыл тұрғындары өз елді мекендеріндегі мәселелерді көтере білді. Әрине, тұрғындар үшін электр, жол, газ мәселесі – маңызды рөл ойнайды. Қазіргі уақытта аудан көлемінде құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Негізінен, көп қабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру – күн тәртібінен түспеу керек. Қызылорда қаласына жақын орналасқан аудан ретінде абаттандыру жұмыстарына көңіл бөлген дұрыс. Айта кетейік, қыс маусымында жаңбыр, қар жауған уақытта жергілікті тұрғындар жарық тапшылығын сезінбегіні жақсы. Сондықтан электр желілерін ауыстыру да, жергілікті халық үшін аса қажеттілік болып табылады, – деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мархаббат Жайымбетов. 
 

Тағы да оқыңыз: