Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рустемов, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылыс жұмыстарымен танысты.

“Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысы» 2020 жылдың мамыр айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Бас мердігері «Жабдықтау» ЖШС-гі. Авторлық қадағалаушы «Сартөбе» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы «Крез-Сервис» ЖШС-гі. Жоба бойынша әр тұрғын үйде 12 пәтер 2 бөлмелі, 6 пәтер 3 бөлмелі.

Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаға қайта түзету жұмыстары енгізіліп жергілікті бюджеттен қосымша 113 миллион қаржы қаралды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, Нысан тамыз айында халық игілігіне беріледі” – деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дана Аман.

Кездесу барысында Парламент депутаттары салынып жатқан 18 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысының деңгейін апта сайын жергілікті халық қалаулылары қадағалап отырады. «AMANAT» партиясының тұрақты бақылауында болады. Біз биыл тамыз айының соңына дейін құрылыс жұмысын аяқтау үшін барлық тиісті шаралар қабылдануын қамтамасыз етуіміз керек деді.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков және аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов, БАҚ өкілдері қатысты.

347411203_662883422543964_441462336375276932_n.jpg

 

347432716_662883555877284_5646300144125468183_n.jpg

Тағы да оқыңыз: