Kyzylorda-news.kz  «Amanat» партиясы Сырдария аудандық  филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Еркебұлан Жақып пен Марат Бакуовтың қатысуымен Сәкен Сейфуллин ауылындағы кварталішілік газ тарату желілері құрылысының жұмыстарына партиялық бақылау жұмыстары жасалды.

Аудан орталығына жақын орналасқан С.Сейфуллин елді мекенін газдандыруға өткен жылдың аяғында облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, жұмыстар бастау алған болатын. Биыл облыстық және республикалық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, газ құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталмыш жобаға аудандық партия филиалы тарапынан партиялық бақылау бекеті де орнатылды.

Комиссия мүшелеріне мердігер мекеме – «АЭS and Limited» ЖШС-нің өкілі жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Айта кетейік, ауданға қарасты Асқар Тоқмағамбетов елді мекенінде де газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері елді мекендерді газдандыру маңызды екенін, тұрғындар асыға күтіп отырғанын атап, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін атап өтті. Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көретін күн алыс емес. Алдағы уақытта мұндай бақылау жұмыстары жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: