Kyzylorda-news.kz 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастамасымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыстағы этнос өкілдері, ардагерлер мен Полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.

Университет бірлік күні 3.jpg

Жиында департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оралбек Тәубақабылұлы барша халықты мерекемен құттықтап, бірлік пен бейбітшіліктің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, этномәдени бірлестік жетекшілері — Гизатуллина Галия Камилевна, Щербакова Галина Сергеевна, Пашаева Лайла Алиевна және Ан Елена Юрьевна  құттықтау сөз сөйледі. Ал этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнерлерін  көрсетті.

Университет бірлік күні 2.jpg

Бүгінде департаментте 11 түрлі этнос өкілі қызмет етіп, ел тыныштығын қорғауға үлес қосуда. Олардың қатарынан полиция майоры Соболев Виталий Алексеевич, лейтенант Хасиханов Зелимхан Чингисханович және капитан Тен Альфараби Александрович көпшілікті мерекемен құттықтады. 

Шара соңында этномәдени бірлестіктерге бірлік пен келісімді сақтау жолындағы елеулі еңбектері үшін Алғыс хаттар табысталды.

Университет бірлік күні.jpg

Тағы да оқыңыз: